ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
Осы Дербес деректердің құпиялылық саясаты (бұдан әрі - Құпиялылық саясаты)
https://wwf-ca.kz/ сайтында Қайырмалдықты ресімдеу және әртүрлі нысандарды толтыру кезінде барлық ақпаратқа қатысты қолданылады.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Пайдаланушының
https://wwf-ca.kz/ сайтын пайдалануы осы Құпиялылық саясатымен және Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу шарттарымен келісетінін білдіреді. Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы компанияның сайтын пайдалануын тоқтатуы тиіс.
2. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ2.1. Осы Құпиялылық саясаты
https://wwf-ca.kz/ сайтында және арнайы акциялар сайттарында ерікті қайырмалдықты жүзеге асыру кезінде, әртүрлі нысандарды толтыру кезінде, сондай-ақ Сайт әкімшілігінің қызметкерлерімен не өкілдерімен хат-хабар алмасуда және жеке қарым-қатынаста сайт Әкімшілігінің сұрау салуы бойынша Пайдаланушы беретін жеке деректерді жария етпеу және олардың Құпиялылығын қорғау режимін қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік табиғат қоры өкілдігінің сайты Әкімшілігінің міндеттемелерін белгілейді. Деректер сондай-ақ жинақталып, содан кейін арнайы акциялардың аясында ғана WWF әріптестері WWF-ға жібере алады.
2.2. Осы Құпиялылық саясаты аясында өңдеуге рұқсат етілген дербес деректерді Пайдаланушы Дүниежүзілік табиғат қоры Өкілдігінің
https://wwf-ca.kz/ сайтында нысанды толтыру жолымен ұсынады және ол мынадай ақпаратты қамтиды:
2.2.1. Пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты;
2.2.2. Пайдаланушының байланыс телефоны;
2.2.3. Пайдаланушының электрондық пошта мекенжайы (e-mail);
2.2.4. Пайдаланушының пошта мекенжайы.
3. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ДЕРБЕС АҚПАРАТЫН ЖИНАУ МАҚСАТТАРЫ 3.1. Пайдаланушының дербес деректерін
https://wwf-ca.kz/ сайтының Әкімшілігі:
3.1.1.
https://wwf-ca.kz/ сайтын пайдалануға, Пайдаланушыдан алынған сұрау салуларды өңдеуге қатысты хабарламалар, сұрау салулар жіберуді қоса алғанда, Пайдаланушымен кері байланыс орнату;
3.1.2. Пайдаланушы ұсынған дербес деректердің дұрыстығы мен толықтығын растау;
3.1.3.
https://wwf-ca.kz/ сайтының Пайдаланушысын Сұрау салудың жай-күйі жайында хабардар ету;
3.1.4.
https://wwf-ca.kz/ сайтын пайдалануға байланысты проблемалар туындаған кезде Пайдаланушыға тиімді консультациялық қолдау көрсету;
3.1.5. Пайдаланушыға оның келісімімен жаңалықтар топтамасын ұсыну;
3.1.6. Пайдаланушының келісімі бойынша жарнамалық қызметті жүзеге асыру мақсаттарында пайдалана алады.
4. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ 4.1.
Пайдаланушы:
4.1.1.
https://wwf-ca.kz/ сайтында кері байланысты ресімдеу үшін қажет дербес деректер туралы ақпарат ұсынуға;
4.1.2. Осы ақпарат өзгерген жағдайда дербес деректер туралы ұсынылған ақпаратты жаңартуға, толықтыруға міндетті.
4.2. Сайт әкімшілігі:
4.2.1. Алынған ақпаратты осы Құпиялылық саясатының 3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;
4.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен негіздер бойынша ғана Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік билік органдарын қоспағанда, құпия ақпараттың жасырын сақталуын қамтамасыз етуге, Пайдаланушының берілген дербес деректерінің сатылуын, айырбасталуын, жариялануын не өзге де ықтимал тәсілдермен жария етілуін жүзеге асырмауға;
4.2.3. Әдетте қолданыстағы іскерлік айналымда осындай ақпаратты қорғау үшін пайдаланылатын тәртіпке сәйкес Пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығын қорғау үшін сақтық шараларын қолдануға міндетті.
5. ЖАУАПКЕРШІЛІК5.1. Құпия ақпарат жоғалған немесе жария етілген жағдайда Сайт әкімшілігі, егер осы құпия ақпарат:
5.1.1. Ол жоғалғанға немесе жария етілгенге дейін жария болса;
5.1.2. Ол Сайт әкімшілігі алған сәтке дейін үшінші бір тараптан алынса;
5.1.3. Пайдаланушының келісімімен жария етілген болса, жауапты болмайды.
6. ҚОСЫМША ШАРТТАР
6.1. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушының келісімінсіз осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы.
6.2. Жаңа құпиялылық саясаты, егер құриялылық саясатының жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, ол
https://wwf-ca.kz/ Сайтында орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.